РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

19.04.2018

Елімізде құрылысына бюджеттен қыруар қаржы бөлінген спорт нысандары тұралап тұр, КТК (ТВ)

Миллиардтап ақша бөлінсе де салынып бітер емес! Бүгін Есеп комитеті Мәдениет және спорт министрлігіндегі жайбасар шенеуніктерді қатаң сынға алды. Өйткені, 14 жыл бойы Щучьедегі шаңғы трамплині мен олимпиада дайындығына қажетті спорт нысандарын салып бере алмай отыр. Ал, құрылыс ұзаққа созылып кеткен соң, сметалық құжат сан мәрте өзгеріп, шығындар артқан. Бұл бюджетке артық салмақ салып отыр дейді аудиторлар.

Мәдениет және спорт министрлігіне тексеру жүргізген Есеп комитеті бүгін біраз былықтың бетін ашты. Айтуларынша, министрлікте түрлі бухгалтерлік қателіктерден бастап қаржының тиімсіз жұмсалуы секілді шалалық шаш етектен. Бірақ, аудиторларды ең алдымен спорт нысандары құрылысының ұзаққа созылуы көбірек алаңдатып отыр.

НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА, ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

-Үш ірі спорт нысанының құрылысы созылып кеткен. Ол Шучьедегі шаңғы трамплині мен Астана және Алматы қаларынындағы олимпиадаға дайындалу орталықтары. 13-14 жыл бойы құрылыс жүруде. Осы ғимараттар қашан салынып бітеді? Құрылысы созылды деген Елордадағы спорт орталығы осы. Салынып жатқанына 10 жылдан асқан нысанға 34 миллиард теңге бөлінген.

-Кезінде мақтауы асырылған спорт базасының құрылысы екі жыл бұрын аяқталуы керек болған. Сөйтіп, мықты қыз-жігіттеріміз осында олимпиадаға дайындалып, жаттығу өткізуі керек еді. Бірақ, істің созбалаңға салынғанын қойып, қазір құрылыс тоқтап тұр. Дәл осындай олимпиада ортылығының құрылысы Алматыда да жүруде. Оған осы уақытқа дейін 28 миллиард теңге бөлінген. Ал, бұл Щучье қаласындағы атышулы шаңғы трамплині. Салынып жатқанына 14 жыл болды. Аяқталар емес. Ал, жұмсалған қаржының көлемі тым көп. Тіпті, сметалық құжат жыл сайын өзгеріп, құны бірнеше есеге қымбаттаған.

ТАЛҒАТ ЖАҚАН, ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:

- Алматыдағы спорт орталығының құны алғашқыда 10 миллиард болған. Бірақ, екі есеге өсіп, 28 миллиардқа жетті. Оның үстіне құрылыс әлі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Щучьедегі шаңғы трамплиніне қажетті қаржының көлемі де 14 жыл ішінде 4 есеге өсті. Дәл қазір оның құрылысы үшін 38 миллиард теңге жұмсалған. Яғни, жұмыстар мерзімінде аяқталса, құрылысқа бөлінген миллиардтар әлдеқайда үнемделер еді. Кейін сол ақшаға бірнеше аурухана, мектеп пен балабақша салуға болар еді дейді аудиторлар. Ал, «сақалды» құрылысқа жол берген Мәдениет және спорт министрлігінің жауабы дайын екен. Айтуларынша, істің созылуына құрылыс жүргізген мердігер компаниялардың бірнеше рет ауысуы себеп екен.

СӘКЕН МҰСАЙБЕКОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Алматы мен Астанадағы олимпиадағы дайындық орталықтарының құрылысы 2020-2021 жылдары аяқталады. Қазір жаңа мердігер келіп, жұмысты бастады. Ал, Шучьедегі шаңғы трамплинін биыл жыл соңына дейін пайдалануға береміз. Не дегенмен, қазір Есеп комитеті тексеру қорытындысын құзырлы орындарға тапсыруда. Егер шенеуніктердің бюджет қаржысын тиімсіз жұмсап, құрылысты созғандары анықталса, жаппай жазаға тартылмақ. Тіпті шатылуы әбден мүмкін.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату