РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

12.06.2018

Республикалық бюджет есебі қаралды, Егемен Қазақстан

Кеше Сенат Төрағасы Қасым Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыпқа орай Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов, Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова баяндама жасады.

Сенаттың жалпы отырысын Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өткен аптада М?жіліс палатасы қызу талқылап, оң бағасын берген баяндамасымен ашты. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсу көрсеткіші 4 пайызға артты.

Оған мұнай, металл бағаларының жоғары конъюнктурасы, импорт көлемінің өсуі сияқты сыртқы экономикалық факторлар ықпал етті. Оған қоса салық және бюджет саясаты да өз әсерін тигізді. Экономиканың осындай біртіндеп жандану көрсеткішіне жекелеп тоқталсақ, 2017 жылы бюджет түсімі 9 трлн 199 млрд теңгені құрады.

Салық алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға артып, соның есебінен республикалық бюджетке 4 трлн 848 млрд теңге түсті. әлеуметтік салаға 4 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл жалпы бюджет шығыстарының 33,7%-ын құрады. Банктерді бір жолғы сауықтыруға бағытталған қаржыны есепке алмағанда әлеуметтік шығыстардың үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 39%-дан 41,4%-ға дейін өсті», деді министр.

Үкімет есебін талқылау кезінде бюджет кірісінің әлі де шикізат секторына тәуелділігі, салық базасын кеңейту, салық тексерулерінің тиімділігі және оларды әкімшілендіруді жетілдіру сияқты жүйелі мәселелер көтерілді. Бюджет кірісінің кен байлықтарынан түсетін салықтарына тәуелділігін азайту – Үкімет жұмысындағы басты бағыттардың бірі. Ол әртүрлі бағдар ламалық құжаттар, атап айтсақ экономиканы диверсификациялау, инфрақұрылымды құру, өңірлерді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жүзеге асуда.

Өткен жылы Үкіметте «Салықтардың түсімін арттыру» жоспары қабылданды. Жоспарды іске асырудың нәтижесінде өткен жылы ІЖӨ-ге шаққандағы салық түсімдерінің төмендеу тренді күрт өзгеріп, бұл көрсеткіш 2016 жылы 15,2%-ға дейін төмендесе, 2017 жылы жоспардағы 15,8% орнына 16,8%-дан асып түскен. Қаржы министрінің айтуынша, көлеңкелі экономикамен күресшең берінде жанама салықтарды ?кімшілендіруді жақсарту арқылы біраз жұмыстар атқарылуда. Мәселен, кеден саласында импорт операцияларының уақытын қысқарту үшін «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі іске қосылған.
Есепті қарау кезінде бюджет қаражатын пайдалану бойынша маңызды сұрақтар қойылды. 2017 жылы қаражаттың тиімсіз жұмсалу көлемі 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейді. Ал саладағы қаржылық іс бұзудың 86 пайызы бухгалтерлік және қаржылық есептерді жүргізудегі заңнаманы бұзуға байланысты болып отыр.

Қаржы министрінің айтуынша, бұл мәселе мамандардың біліктілігін арттыру және оларды міндетті түрде кәсіби сертификаттау арқылы шешілетін болады. Мемлекеттік борыштың деңгейі, оның ішінде квазимемлекеттік субъектілердің сыртқы борыштары – өзекті м?селелердің бірі. Мемлекеттік борыш ІЖӨ-ге шаққанда 26%-ды құрады. Борыштың 34%-ы ғана сыртқы қарыз еншісінде, сондықтан оның 1/3 бөлігі валюта бағамының өзгеруіне тәуелді.

Жалпы бюджет тапшылығын қаржыландыру саясаты ішкі ресурстарға бағытталатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік борышты тиімді басқару үшін оның құралдарына диверсификация жасау шаралары қабылдануда. Олар – Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында сукук ислам облигацияларын шығару және халықаралық инвесторлар үшін біздің теңгеде бағалы қағаздар орналастыруға мүмкіндік беру. Бұдан басқа, квазимемлекеттік сектордың борыштарын басқару Үкімет тарапынан заңнама жүзінде бақылауға алынды.

Бұдан соң Есеп комитетінің төрайымы сөз алды. «Бюджеттің атқарылуы макроэкономикалық тұрақтылық және экономиканың жандануының қарқыны қалыпқа келу жағдайында жүзеге асты. Десек те экономика дамуының мүмкіндіктеріне теріс әсер ететін бірқатар факторлар бар. Мысалы, ұзақмерзімді несиелеуге ресурс жетпейді. Сол себепті басымдық берілген салаларға мемлекет тарапынан берілетін көмектің біршама болғанына қарамастан, шағын және орта бизнес кең қанат жайып кете алмай отыр. Тіпті ірі кәсіпорындарға да қаржы жетпейді. Дегенмен биыл жақсы тренд байқалып отыр. Экономиканың монетизациялану көрсеткіші 42 пайыздан 38 пайызға төмендеген. Ал әлемдік монетизациялау көрсеткіші 122 пайызды көрсетіп отыр. Бізге төмен инфляцияны қолдау мен экономиканы ресурстармен қуаттандыру арасында теңдік керек сияқты», деді Годунова.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен кейін сенаторлар Үкімет мүшелері мен баяндамашыларға бірқатар сауал қойды. Мәселен, Сенат депутаты Дариға Назарбаева Төтенше жағдайлар комитеті мен Ұлттық ұланның дербес бюджеттерін бекіту қажеттігін жеткізді. Төтенше жағдайлар комитеті бөлімшелерінің қажетті инженерлік-техникалық құралдармен, арнайы жабдықтармен, көлікпен қамтамасыз етілуі нормативтің 30-дан 70 пайыз деңгейінде.

Бұл Ішкі істер министрлігі қойған лимит аясында комитеттің жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты», деді ол. Сенатор саладағы тиімсіз жоспарланған жобаларға да тоқталды.

«Біз қаражаттың тиімсіз игерілуін байқап отырмыз. Мәселен, өрт сөндіру деполарының құрылысына 15 жобалық-сметалық құжаттаманың ішінде төртеуі ғана жүзеге асырылуда. 2017 жылы 4 жобаның мерзімі өтіп кетті, ал оларды әзірлеуге 86 млн теңге бюджеттік қаржы жұмсалды. әзірленуіне 100 млн теңге жұмсалған тағы жеті жоба 2018-2020 жылдардың бюджетіне енгізілмей қалған. Осы орайда 186 млн теңге бюджет қаржысы тиімсіз игерілгені көрініп тұр. Кейін қаржыландырылмайтын жобаларға бюджет қаржысын бөлудің қажеті қанша», деп атап өтті сенатор.

Бұл тұрғыда Д. Назарбаева ТЖ комитеті мен Ұлттық гвардияның дербес бюджеттерін бекіту қажеттігін, сондай-ақ олар бойынша бюджет бағдарламаларына жауап беретін жетекшілерін айқындау керектігін жеткізді. Оның айтуынша, аталмыш екі қызмет Ішкі істер министрлігі құрамында өгей бала рөлінде жүр. Алайда оларға ерекше назар аударған жөн.

Сенаторлардың Үкімет мүшелеріне қойған сауалдарынан кейін республикалық бюджет есебінің атқарылуы талқыға салынып, бюджет орындалуының артық-кем тұстары айтылды. Нәтижесінде көпшілік дауыспен есеп мақұлданды. Бұдан соң сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру м?селелері бойынша өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы» заңының жобасын екінші оқылымда бірауыздан мақұлдады.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату