РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

21.06.2018

Есеп комитетінің негізінде Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің (РОӘК ОӘБ) отырысы өтті

Отырысқа Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) ректоры Ерлан Сыдықов, РОӘК ОӘБ мүшелері, Орал мемлекеттік экономикалық университетінің өкілдері (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қ.) қатысты.

Кіріспе сөзінде Наталья Годунова мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жағдайында жоғары кәсіби мемлекеттік аудиторлар, соның ішінде осы мамандық бойынша қазіргі заманғы білім алған аудиторлар корпусын құруға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

«Осыған байланысты Есеп комитеті мен ЕҰУ-дың өзара іс-қимылы, соның ішінде мемлекеттік аудиторлардың нақты құзыреттерін айқындау арқылы тиісті білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша өзара іс-қимылы білім беру процесінің сапасын және тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді», - деді Наталья Годунова.

Отырыс барысында жоғары білім беруді дамытудың заманауи үрдістері, эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы университеттердің академиялық еркіндігін қамтамасыз ету, шетелдік жетекші университеттермен бірлескен жобаларды кеңейту мәселелері талқыланды.

«Экологиялық аудит» эксперименттік бакалавриат бағдарламасын енгізу, ЕҰУ-дың Орал мемлекеттік экономикалық университетімен бірлесіп «мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша екі дипломдық магистрлік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруы мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, Азия даму банкінің қолдауымен Есеп комитеті басып шығарған «Мемлекеттік аудит теориясы» кітабының және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығарған «Мемлекттік аудит» оқу құралының таныстырылымы өтті.

Аталмыш басылымдар мемлекеттік аудиторлардың практикалық қызметінде де, «мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша мамандарды даярлауда да пайдаланылатындығы атап өтілді.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату