РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

22.06.2018

Есеп комитетінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова Мемлекеттік қызметші күнімен ұжымды құттықтап, қызметкерлерге зор денсаулық, жұмыста толағай табысқажәне жаңа жетістіктерге жете берулерін тіледі.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел Президенті Н.Ә. Назарбаев кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына ерекше көңіл бөлді, оның тиімді қызметі Қазақстанның тұрақты және үдемелі дамуының шешуші факторларының бірі болды», - деп атап өтті Наталья Годунова.

Есеп комитетінің Төрайымы еліміздің одан әрі өркендеуі әрбір қызметкерге, оның тәжірибесіне, жанқиярлығына,кәсіптік және жеке қасиеттеріне байланысты екенін баса айтып өтті.

«Мемлекеттік аудиттің жоғары органы бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ бюджетті атқаруды ңөзекті мәселелерін шешу жолымен Мемлекет басшысының жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге лайықты үлесін қосып отыр», - деді Наталья Годунова.

Отырыс барысында жоғары мемлекеттік аудит органының рөлін күшейтуге және бюджеттік тәртіптің нығаюына  ықпал еткенжоғары жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлерге ведомстволық марапаттар тапсырылды.

Мемлекеттік қызмет істері жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметкер» медалімен Персоналды басқару және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің сектор меңгерушісі Данияр Баекен марапатталды.

Бұдан басқа, Әкімшілік бөлімінің бас сарапшысы Гүлсұлу Дүйсеноваға  мемлекеттік қызметшілер арасындаөткен «Алға басу – движение вперед» қайырымдылық жүгірісінен үшінші орыналғаны үшін медаль тапсырылды.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату