РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

26.06.2018

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау үшін Есеп комитетінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруға бағытталған қаражатты тиімді жұмсау мәселелері бойынша кеңес өтті

Бейнеконференция форматында өткен кеңеске ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, инвестициялар және даму, қаржы, ұлттық экономика, энергетика министрліктерінің, Ұлттық Банктің, сондай-ақ әкімдіктердің және өңірлердегі тексеру комиссияларының өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларын іске асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану, оларды қаржыландыру, тиісті іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу мәселелері, сондай-ақ нормативтік және ұйымдастырушылық сипаттағы проблемалар талқыланды.

Жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері халықтың тұрғын үй сатып алуы үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, еңбекақысы төмен азаматтар үшін салықтық жүктемені төмендету, жоғары білімнің қолжетімділігін, сапасын арттыру және студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту, микрокредит беруді кеңейту, елді одан әрі газдандыру мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Президент тапсырмаларының жүзеге асырылуы Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының мемлекеттік аудитімен сүйемелденетіні атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді бұлжытпай және уақтылы орындау мақсатында, орындаушылардың бюджет қаражатын игеру көлемін көрсете отырып, Есеп комитетіне тоқсан сайын ақпарат ұсынатыны туралы шешім қабылданды.  

Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары аудит объектілерінің алдағы кезеңге арналған тізбесін қалыптастырған кезде, орындалуы міндетті түрде бақылау жүргізуді талап ететін тиісті ауқымды әлеуметтік жобаларды ескеретіні баса атап айтылды.

Бұдан басқа, Есеп комитеті «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның жобасын алдын ала бағалау шеңберінде ықтимал бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиімсіз және нәтижесіз шығыстарды болдырмау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізетініатап өтілді.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату