РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

28.06.2018

Ағымдағы жылғы 29 маусымда Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіледі

Үйлестіру кеңесінің жұмысына қаржы министрлігінің, ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі аппаратының ішкі аудит қызметтерінің өкілдері,облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысады.

Отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің 2017 жылғы шешімдерінің орындалуын мониторингтеу нәтижелерін, бюджет заңнамасын және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылық есептілігін шоғырландыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының 2017 жылғы қызметін бағалау қорытындылары қарастырылатын болады.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату