РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

28.06.2018

2018 жылғы 28 маусымда Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтауы бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Тексеру комиссиясының жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша мақсатқа сай жұмыс жүргізіп отырғаны аталып өтті.
 
Сонымен қатар, мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Есеп комитеті Тексеру комиссиясының қызметінен бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтады.

Аудиторлық іс-шаралар жүргізудің барлық кезеңдерінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының және Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының (МАҚБ қағидалары) талаптарын сақтамау фактілері анықталды.
 
Атап айтқанда, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпараттың белгіленген нысанға сәйкес келмеуі, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде, аудит жоспарында және бағдарламасында қамтылған активтердің көлемі туралы деректердің болмауы аталып өтті.

Жекелеген аудиторлық есептерде мәселелердің толық ашылуы қамтамасыз етілмеген, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың нақты орындалуының, тауарлардың жеткізілуінің анықтығын растау үшін бақылау өлшемінің және тексеріп қараудың жүргізілгені туралы мәліметтер жоқ. Аудиторлық есептердің бірқатары белгіленген нысанға сәйкес келмейді. 

Бұл ретте аудиторлық іс-шараларға сапа бақылауы тиісті түрде жүргізілмейді.

Тексеру комиссиясының мүшелері анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалардың орындалуына мониторингті тиісінше қамтамасыз етпейді, тиісті сертификат болса да, мемлекеттік аудит жүргізілмейді.

Бұдан басқа, Тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңды бұза отырып, 2016-2017 жылдары сараптамалық-талдау іс-шараларын жүзеге асырмаған. 

Отырыстың қорытындысы бойынша Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясына анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары және МАҚБ қағидалары талаптарының сақталмауына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша ұсынымдар берілді.  

Бұдан басқа, мемлекеттік аудиторлардың біліктілігін арттыру, олардың қызметінің тиімділігі рейтингісін айқындау өлшемшарттарын әзірлеу, әдіснамалық құжаттарды жетілдіру және жүргізілетін аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату