РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

29.06.2018

Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қаржы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ өңірлердегі тексеру комиссияларының төрағалары Наталья Годунованың төрағалық етуімен өткен Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты.

Мемлекеттiк ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелерi талқыланды.

Мемлекеттік аудит органдарының тиісті нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша қалыптастырылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар қалыптастыру жөнінде бірлескен жұмыс жүргізуі, сондай-ақ мемлекеттік қарыздардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру туралы талапты заңнамалық деңгейде бекіту қажеттігі туралы шешім қабылданды.

Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің сапасын жақсарту, осы саладағы бұзушылықтарды азайту, соның ішінде барлық мемлекеттік органдарда, мекемелер мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ақпараттандыру арқылы азайту бойынша бірқатар шаралар әзірлеуді жалғастырады.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіруге, құқықтық олқылықтарды жоюға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар қаралды. 

Есеп комитеті арнайы білімді қажет ететін мәселелер бойынша мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылатын сарапшыларға бірыңғай пұл құруды ұсынды.

Қаржы министрлігі алдағы уақытта республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылық есептілігін шоғырландыруға байланысты бірқатар  проблемаларды айқындады. Бюджеттің кіріс бөлігінде қаржылық есептілікті шоғырландыру бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеудің маңыздылығы аталып өтті.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушыларға Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және тексеру комиссияларының 2017 жылғы қызметін бағалау нәтижелері таныстырылды. Аудиторлық іс-шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу мәселелерінің жекелеген кемшіліктері аталып өтті.

Бұдан басқа, Үйлестіру кеңесінің 2017 жылғы шешімдерінің орындалуын мониторингтеу нәтижелері қаралды.
 
Анықтама ретінде:
 
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі Есеп комитетінің жанындағы  консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес қызметінің мақсаты анағұрлым өзекті проблемаларды алқалық талдау арқылы мемлекеттік аудит органдарының тиімді өзара іс-қимылына жәрдем көрсету, бюджетті жоспарлау және атқару кезінде оның барлық деңгейінде қаржы тәртібін нығайту болып табылады.   

Кеңестің құрамына Есеп комитетінің Төрағасы және үш мүшесі, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, облыстардың, Астана және Алматы қалалары тексеру комиссияларының төрағалары, Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ұсынысы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан бір-бірден екі ішкі аудит қызметінің басшылары кіреді.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату