РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

04.07.2018

Есеп комитетінің Елорда күніне арналған салтанатты жиыны өтті

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық, бақыт, бейбітшілік пенамандық тіледі.
Наталья Годунова Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың астананы құрудағы айрықша рөлінбаса айтып өтті.

«Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы парасатты шешімі  барлық өңірлерді дамытуға қуатты серпін берді, елдің экономикалық ілгерілуіне, сондай-ақ әлемдік саяси картада Қазақстанның мәртебесінің  артуына ықпал етті» - деді ол.

Жоғары мемлекеттік аудит органы басшысының айтуынша, Астана - ұлттық идеяның іске асуының, Қазақстан тәуелсіздігінің салтанаты мен халықтың мақтанышының бейнесі болып табылады.  

«Биылғы жылы Астана 20 жасқа толады. Осы қысқа мерзім ішінде ол жаңа жетістіктерге жетелейтін, алдыңғы қатарлытиісті инфрақұрылымы бар, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске айналды», - деді Наталья Годунова.

Есеп комитетінің Төрайымы Астанада түрлі ұлттар мен діни көзқарастардағы адамдардың толыққанды өмір сүруімен еңбек етуі үшін  барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

«Астана - үміт ақталып,жоспарлар орындалатын, өзін-өзі дамытып,  мансабын жоғарылататын жігерлі деталапшыл жастардың, жаңа көшбасшы ұрпақтың, болашаққа деген ұмтылыстың қаласы», - деп қорытындылады ол.

Кездесу барысында Есеп комитетінің бірқатар қызметкерлері «Астана 20 жыл» мерекелікмедалімен марапатталды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату