РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

04.07.2018

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Есеп комитетінде Наталья Годунованың төрағалық етуімен Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. 

Ұлттық комиссияның мүшелері олардың кәсіптік және этикалық қасиеттеріне баға берді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы, Ақмола облыстары, Астана және Алматы қалалары бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің, Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қарағанды қ. Октябрь ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, Талғар ауданы білім бөлімінің, «Аманат» Есік арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмыскерлері және жеке тұлғалар қатарынан 14 кандидатпен әңгімелесу өткізілді.   

Отырыстың қорытындысы бойынша «мемлекеттік аудитор» біліктілігі 3 кандидатқа беріліп, 11 кандидатқа беруден бас тартылды.

Бұдан басқа, Ұлттық комиссияның мүшелері  Қылмыстық кодекстің 366-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған 6 адамнан «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 39-бабының 8-тармағына сәйкес кәсіптік әдеп талаптарын сақтамағаны үшін мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы шешім қабылдады.
 
 
 
 Анықтама үшін:
 
Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Есеп комитетінен бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.
Есеп комитеті Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде он төрт адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау олардың білімін растауды және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында айқындалатын тәртіппен әңгімелесу жүргізуді қамтиды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату