РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

05.07.2018

Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова басшылық еткен делегация ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының 4-ші кездесуіне қатысты

Бішкекте (Қырғыз Республикасы) өткен іс-шараға сондай-ақ Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Үндістан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясының жоғары аудит органдарының (ЖАО) басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік аудитті дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын, соның ішінде мемлекеттік басқарудың маңызды құралы ретінде бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы жоғары аудит ұйымдарының рөлі мен алатын орнын талқылады.

Қазақстанның Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова   2016-2017 жылдары ШЫҰ-ға мүше елдердің ЖАО-сының өзара іс-қимылын үйлестіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

«Біздің мемлекеттеріміздің басшылары ШЫҰ аясында интеграциялық үдерістерді нығайту бойынша зор жұмыстар атқаруда. Жоғары мемлекеттік аудит органдары да осы өзара іс-қимылды дамытуға үлес қосуы керек. Біздің ведомстволардың ШЫҰ желісі бойынша ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді», - деп баса айтып өтті.

Есеп комитетінің мүшесі Рашит Ахметов те баяндама жасады. Ол әлеуметтік саланы дамытуға бөлінген мемлекет ресурстарынтиімді пайдалануды қамтамасыз етумәселелеріндегіҚазақстанның ЖАО-сының рөлі туралы айтты.

Рашит Ахметов Президент Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тұрғысында Есеп комитетіне халықтың өмір сүру жағдайын одан әрі жақсартуға бағытталған әлеуметтік жаңғырту шеңберіндегі жобалардың сапалы орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша жаңа міндеттер жүктелгенін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы хаттамаға, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдарының, байқаушылар мен диалог бойынша серіктестерінің ынтымақтастық туралы ережесіне, сондай-ақ бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Атап айтқанда, бірлескен мәлімдеме мәтінінде өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту, мемлекеттік аудиттің өзекті мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың тиісті тетіктерін жетілдіру қажеттігі туралы айтылады. 

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылдарын үйлестірушінің функцияларын Қазақстанның Есеп комитетінен Қырғыз Республикасының Есеп палатасына беру туралы шешім қабылдады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау (аудит)  органдары басшыларының кезекті кездесуі 2020 жылға жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде делегация басшыларының Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жеенбековпен кездесуі өтті.

Ресми іс-шарадан кейін Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисінің бас аудиторы Ху Зеджунмен кездесуді өткізді, оның барысында аудитті цифрландыру мақсатындағы үлкен деректермен жұмысы бойынша Қытайдың тәжірибесін зерделеу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
 
 
Анықтамалық:

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары (ЖҚБО) басшыларының бірінші кездесуі 2010 жылғы 26 шілдеде Мәскеуде, екінші кездесуі 2012 жылғы 23-24 сәуірде Шанхайда (ҚХР) өтті.
 
ШЫҰ – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей,  Тәжікстан және Өзбекстан көшбасшылары 2001 жылы құрған, тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйым.
 
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сенімділікті, достық пен тату көршілікті нығайту, өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау,  жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге бірлескен іс-қимыл жасау, түрлі салалардағы тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты ынталандыру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық өсуіне, әлеуметтік және мәдени дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату