РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

09.07.2018

Бүгін Астанада «Ақпараттық технологиялар аудиті» тақырыбы бойынша Азия жоғары аудит органдары ұйымдарының (ASOSAI) халықаралық семинарының ашылуы болды

Жапонияның жоғары мемлекеттік аудит органының - ASOSAI әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Есеп комитеті ұйымдастырған семинар ағымдағы жылғы 9-13 шілде аралығында жалғасады.

Іс-шараға қатысу үшін Астанаға АSOSAI-ға мүше 27 мемлекеттің жоғары аудит  органдарының өкілдері келді.

Семинардың ашылуында Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова кіріспе сөз сөйледі.

Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органының басшысы қатысушыларға жемісті жұмыс тілей отырып, түрлі елдердің мамандарына мемлекеттік аудит саласындағы ең маңызды мәселелер бойынша тәжірибе мен пікір алмасуына мүмкіндік беретін осындай кең ауқымды кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Өмірді, соның ішінде мемлекеттік басқару, экономика, IТ аудиті органдарын цифрландыру жағдайында және аудитті жүргізу барысында тікелей ақпараттық технологияларды қолдану күннен-күнге өзекті болып отырғанын баса айтып өтті.

«Осыған байланысты ақпараттық жүйелер мен олардың дамуына салынған қаражаттың тиімділігін бағалау қажеттігі туындады. Сәйкесінше ақпараттық технологияларды енгізу мен дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізудің рөлі арта түседі.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік ұйымдардың ақпараттық жүйелерін енгізу және күтіп-ұстауға арналған шығындарды оңтайландыру және оларды тиімді пайдалану үшін IТ аудитін жүргізу аса маңызды», - деді Наталья Годунова.

Есеп комитеті Төрайымының айтуынша, аудит сондай-ақ ақпараттық технологиямен байланысты күрделі және ұйымның немесе кәсіпорынның қызметіне жан-жақты кері әсер етуі мүмкін тәуекелдерді анықтайды және талдайды.

«Ақпараттық технологияларды енгізу өте қымбат. Және олар жұмсалған бюджет қаражатына тұрарлықтай болуы тиіс.  Енгізу сапасын бағалау, IT-бақылау тиімділігін бағалау, ІТ-сервистерді басқару және IТ-процестерді басқару одан да маңызды», - деп қорытындылады Наталья Годунова.
 
Анықтама ретінде:
 
ASOSAI (Азия жоғары мемлекеттік аудит органдарының ұйымы) – өзінің құрамында азия және тынық мұхиты өңірінің 46 елінің жоғары қаржылық бақылау органдарын біріктіретін ұйым. 1979 жылы құрылған. ASOSAI-дың жоғары органы болып 3 жылда бір рет өткізілетін Ассамблея болып табылады. Есеп комитеті ASOSAI-ға 2000 жылдан бастап мүше болып табылады.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату