РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

11.07.2018

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясын Қуанышбек Сапарбеков басқаратын болды

Қуанышбек Сапарбековті тағайындау туралы ұсынымды Есеп комитеті «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша енгізген болатын.

Қуанышбек Сапарбековтің кандидатурасын өңір әкімі Жансейіт Түймебаев қатысқан Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында Есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенев таныстырды.

Әділғазы Бергенев Қуанышбек Сапарбековтің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында мол тәжірибесінің бар екендігін атап өтті. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Онтүстік Қазақстан облысы  бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес тексеру комиссияларының алдына бірқатар жаңа және маңызды міндеттер қойылды. Қуанышбек Сапарбековтің басшылығымен бұл міндеттердің тиімді және сапалы орындалатынына сенімдімін», - деп атап өтті Есеп комитетінің мүшесі.
 
Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату