РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

14.07.2018

Астанада «Ақпараттық технологиялар аудиті» тақырыбындағы өткен ASOSAI халықаралық семинары өз жұмысын аяқтады, оған 27 елдің жоғары аудит органдарының (ЖОА) өкілдері қатысты

Семинарды Қазақстан Республикасының Есеп комитеті Жапонияның Аудиторлар палатасының қолдауымен ұйымдастырды, ол ЖОА-ның әлеуетін арттыру бойынша ASOSAI әкімшісі болып табылады.

Бес күн бойы қатысушылар экономиканың түрлі салаларында ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу мен жұмыс істеу тиімділігін бағалауды мақсат еткен IТ-аудитін жүргізудің  жаңа тәсілдері және әдістерімен алмасты.

Ақпараттық технологияларды дамытуға едәуір бюджет қаражаты бөлінетіні атап өтілді. Осыған байланысты, олардың тиімсіз пайдаланылу тәуекелдерін анықтауға бағытталған аудиттің рөлі артуда.
Семинар барысында аудиттің осы түрін жүргізу барысында туындаған, атап айтқанда деректерді беруде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аудит объектісінің ақпараттарына қолжетімділік, ақпараттық жүйелерді қолдау, олардың жұмыс істеуінің  бірыңғай платформасын әзірлеудегі проблемалар талқыланды.

Қатысушылар мен тренерлердің оларды шешудің нақты жолдары мен осы бағытта ЖАО-ның әлеуетін күшейту бойынша берген ұсынымдары маңызды.

Семинардың жабылуында Есеп комитетінің ТөрайымыНаталья Годунова сөз сөйледі.

Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органының басшысы қатысушылар мен тренерлерге жемісті жұмыс үшін алғыс білдірді.  

«Тренинг барысында мазмұнды және пайдалы диалог қалыптасқанына қуаныштымын. Алынған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз кәсіби деңгейлеріңізді арттыруда қызмет ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Наталья Годунова.

Осы іс-шараны үйлестіргені үшін Жапонияның ЖОА өкілі Такая Катоға ерекше алғыс сөздер айтылды.

Өз кезегінде қатысушылар АSOSAI-ға мүше мемлекеттердің қызығушылық танытатын барлық ЖАО-лары үшін өзекті мәселелер бойынша халықаралық іс-шаралар өткізу практикасын жалғастыру қажеттігін атап өтті. 

Жабылу рәсімінің соңында Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова қатысушыларға халықаралық сертификаттар тапсырды.
 
Анықтама ретінде:
 
ASOSAI (Азия жоғары мемлекеттік аудит органдарының ұйымы) – өзінің құрамында азия және тынық мұхиты өңірінің 46 елінің жоғары қаржылық бақылау органдарын біріктіретін ұйым. 1979 жылы құрылған. ASOSAI-дың жоғары органы болып 3 жылда бір рет өткізілетін Ассамблея болып табылады. Есеп комитеті ASOSAI-ға 2000 жылдан бастап мүше болып табылады.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату