РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

12.07.2018

Аудиторлардың алқалы жиыны, Түркiстан

Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің аудиторлары Бішкекте бас қосты. Жиында мемлекет қаржысын қалай есептеу қажеттігін, бюджет қаражатын қалайша тиімді игеруге болатындығын талқылады.

Бұл жиын - Қырғызстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету барысындағы ұйымдастырып отырған алғашқы шарасы. Шараға 7 елдің есеп палатасында қызмет ететін өз елдерінің мемлекеттік бюджетін сақтап жүрген мамандар қатысты. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ау­диторлары екі жылда бір рет бас қосады. Әр жиын қаржы саласындағы келелі мәселелерді талқылауға арналады.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Қазақстан жобаларды қаржыландыруға және технологиялық ресурстарды жұмылдыруға бағытталған бірлескен механизмдерді құруды колдайды. Сонымен қатар ол сауда-инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда екіжақты деңгейден көпжақты деңгейге көшуді қамтамасыз етіп, инфрақұрылымдық мега жобаларды іске асыруды көздейді», - деді ҚР Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова.

Форумға қатысушы аудиторлар өз кезегінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына да назар салды. Ол Қазақстан экономикасын әртараптандырып қана қоймай, ұйым қатарындағы барлық елдердің қаржы жүйелерін реттеп, өзара іс-қимылын жақсартады.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату