РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

09.08.2018

Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Есеп комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігінежүргізілгенмемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудитпен Алматы, Шығыс Қазақстан  және Қарағанды облыстары әкімдерінің аппараттары қамтылды.

Еркін және әділ сайлаулар өткізу жолыменазаматтардыңмемлекет істерін  басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мақсатқа сай жұмыстар жүргізіп жатқаны аталып өтті.

ОСК-ға жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы үшін     2016-2017 жылдары 8 902,3 млн. тенге бөлінген.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша, саулаулар өткізуге бөлінген қаражатты мақсатына сай пайдаланбау фактілері анықталған жоқ. Анықталған бұзушылықтар негізінен рәсімдік сипатта немесе бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін сақтамау себебінен болған.

Аумақтық сайлау комиссияларының қызметi тиісті деңгейде материалдық-техникалық қамтамасыз етілмеген, оларды толық каржыландырмау фактілері анықталды.

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық  орталығы» РМК аппараты үшін қызметтік автомобильдерді күтіп- ұстауға арналған әкімшілік шығыстарының лимиттері, іссапар шығындары,  алаңдарнормалары бекітілмеген. Ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарының іске асырылуына мониторинг, оның ішінде қызметінің жоспарланған және іс жүзінде қол жеткізілген түйінді көрсеткіштеріне талдау жүргізу жұмысы жүзеге асырылмаған.

Есеп комитеті  жүргізген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 27,7 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша 21,3 млн.теңге қалпына келтірілді, республикалық бюджет кірісіне 6,4 млн. теңге қайтарылды.

Есеп комитеті отырысының қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясына анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Бұдан басқа, Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп, аумақтық сайлау комиссияларының сайлау шараларын өткізуге бөлінген қаражаттың  пайдаланылуы туралы қаржылық есептілігінің барлық нысандарын жасау мен ұсыну тәртібін әзірлеу тапсырылды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату