РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

23.08.2018

Есеп комитетінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кәсіби-сараптамалық қоғамдастығының қолдауымен Есеп комитеті жүргізген «Мүгедектерді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау» сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары шығарылды

Есеп комитетінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кәсіби-сараптамалық қоғамдастығының қолдауымен Есеп комитеті жүргізген «Мүгедектерді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау» сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары шығарылды.

Мемлекет мүгедектердің өмір сүру үшін тең мүмкіндіктер жасау және оларды қоғамға біріктіру бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдап жатқаны аталып өтті. 2015 жылы ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары жөніндегі конвенция іске асырылуда, олардың жағдайын жақсартуда елеулі нәтижелерге қол жеткізілді.

Сонымен бірге, мүгедектіктің алдын алудың және мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалтудың тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін бірқатар жүйелік проблемалар анықталды.

Мүгедектікті болдырмау жөніндегі іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттау және мүгедектікке әкелетін аурулардың толық тізбесін қамтымайтын скринингтік зерттеулер жүргізумен шектелген.

Мүгедектікті куәландіру процесі өте ұзақ уақытты алады. Мүгедектік тобын белгілеу кезінде дене функцияларының бұзылу дәрежесін бағалайтын сандық өлшемшарттар әзірленбеген.

Кейбір жағдайларда протезді-ортопедиялық көмек беру мерзімі 6,5 айдан 10 айға дейін созылады. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері респонденттердің 50%-ы оңалтудың техникалық құралдарының сапасына толық қанағаттанбайтынын (жиі бұзылу, өлшемдерінің сәйкес келмеуі, ыңғайсыздығы және ауыртуы) көрсетті.

Мүгедектерді қоғамға біріктіру шеңберінде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, оқыту және әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуі үшін шаралар жеткілікті түрде қабылданбайды. Инклюзивтік білім беру қағидаты бойынша ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай жасайтын білім беру мекемелерінің саны 50% -дан аспайды.

Сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындысы бойынша Үкіметке мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша, оның ішінде мүгедектіктің алдын алу үшін скринингтік зерттеулерді кеңейту,мүгедектікті белгілеу процесі мен өлшемшарттарын оңтайландыру, электрондық сатып алу платформасында техникалық көмекші құралдарды орталықтандырылған сатып алумен қамтамасыз ету, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқыту механизмін пайдалану, мүгедектерді жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілерге жеңілдіктер беру және т.б. шараларды қабылдау ұсынылды.
 
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату