РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

05.09.2018

Қазақстан Республикасының Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова басқарған делегация Мәскеуде өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XVIII сессиясының жұмысына қатысты

Кешенді цифрлық трансформация стратегиялық жаһандық үрдіс болып табылады, ал ақпараттық технологиялар көптеген елдердің экономикаларын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл жөнінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылықбақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XVIII сессиясының отырысында сөз сөйлей отырып,  Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова мәлімдеді.

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда ақпараттық технологияларды қолдану мәселелеріне  арналған іс-шарада сондай-ақӘзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Армения Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының жоғары қаржылықбақылау (мемлекеттік аудит) органдарының бірінші басшылары мен өкілдері қатысты.

Кеңескеқатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Наталья Годунова Қазақстан Республикасындағы цифрлықтрансформация процестері туралы, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтып берді.

Есеп комитетінің Төрайымы хабарлағандай, ел экономикасының жаңа моделінің нәтижесі елдегі цифрлық инфрақұрылым мен IТ-экожүйені дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын және еңбек өнімділігін арттыру болады.

Наталья Годунова аудиторлық қызметтің барлық кезеңдерін автоматтандыруды қоса алғанда, мемлекеттік аудиторлық ұйымдардың қызметінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органының басшысы Есеп комитеті осы бағытта мақсатқа бағдарланған жұмыс жүргізетінін атап өтті.

«Біздің қызметімізді цифрландыру  аудиторлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, аудиторлардың объектілерде болу мерзімдерін 60-дан 5-10 күнге дейін қысқартуға, аудиторлық объектіге әкімшілік жүктемені төмендетуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады», - деді ол.

Сонымен қатар, Наталья Годунова IT-аудитін жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, IT-аудит ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік ұйымдардың ақпараттық жүйелерін енгізу мен қолдау шығыстарын оңтайландыруға және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін айтты.   

«Ақпараттық технологияларды енгізу өте қымбат. Және олар жұмсалған бюджет қаражатына тұрарлықтай болуы тиіс. Мемлекеттік ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында оларды құру және жаңғырту шығындарын анықтаудың нақты әдістемесі қажет. Енгізу сапасын бағалау, IT-бақылаудың тиімділігін бағалау, ІТ-сервистерді және IТ-процестерді басқару одан да маңызды», -  деп қорытындылады Есеп комитетінің Төрайымы.

Кеңес отырысында Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптама тобы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыс нәтижелері қаралды.

Сессия қорытындысы бойынша қазіргі заманауи цифрлық технологияларды енгізу мен дамытудағы ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарының рөлі туралы Шешім және Бұрыштама қабылданды. Бұдан басқа, Кеңестің XVIII және XIX сессиялары аралығындағы кезеңге арналған жұмыс жоспары, сондай-ақ Кеңестің жаңартылған нормативтік құжаттары бекітілді.

Сессия шеңберінде Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің басшысы Леонид Анфимовпен және Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысы Алексей Кудринмен екі жақты кездесулер өткізді.

Әріптестер мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің экономика салаларын дамытуға әсерін талдау жүргізу, ақпараттық деректер базасын пайдалану, республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауды жүзеге асыру және басқа да мәселелер бойынша пікір алысты. Бұдан басқа, тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша оқыту семинарлары мен жұмыс кездесулерін өткізу бөлігінде ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.
 
 
Анықтама ретінде:
 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылықбақылау органдары басшыларының кеңесі 2000 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, олардың өзара іс-қимылын үйлестіру мен жұмыс тәжірибесін бөлісу үшін құрылды.
 
 
 Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату