РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

06.09.2018

Қазақстанның Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесті

Кездесу ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің ХVIII сессиясының жұмысына қатысуына байланысты Есеп комитеті делегациясының Мәскеудегі сапары аясында өтті.

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жағдайында жоғары кәсіби мемлекеттік аудиторлар корпусын құруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Ол, жоғары беделге ие және оқытудың инновациялық технологияларын қолданатын ММУ-дың көп жылғы тәжірибесі Есеп комитеті үшін ерекше қызығушылық тудыратынын баса айтты.

Наталья Годунованың айтуынша, өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары мемлекеттік аудит саласында, соның ішінде Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ММУ-дың қазақстандық филиалында магистрлік бағдарламасы бойынша мамандар даярлау болып табылады.

Өз кезегінде Виктор Садовничий ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді, сондай-ақ Есеп комитетінің қызметкерлері үшін ММУ-да қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру мүмкіндігін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар өзара іс-қимыл туралы тиісті меморандумға қол қою туралыкелісті.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату