РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

14.09.2018

Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Есеп комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануына, сондай-ақ квазимемлекеттік  сектор субъектілерінде активтердің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Сот сараптамасы қызметін жетілдіру және құқықтық көмек пен заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру бойынша Министрліктің мақсатқа сай жұмыстар жүргізіп жатқаны аталып өтті.

Қазақстанда сот сараптамасы практикасында бәсекелес ортаны қалыптастыруға ықпал ететін жекеше сот сараптамасын дамыту бойынша  іс-шаралар жүзеге асырылған. Электрондық нұсқадағы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне жалпыға бірдей тегін қол жеткізу қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит барысында сот сараптамасы зертханаларының ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық жарақтандырылуы тиісті деңгейдеемес екендігі, мемлекеттік сот сарапшыларының материалдық және әлеуметтік қамсыздандырылуының төмендігі, оларды қайта даярлаудың орталықтандырылған бірізді  жүйесінің жоқтығы, білікті мамандардың тапшылығы проблемалары  анықталды.

Осыған байланысты Есеп комитеті Үкіметке «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы»РМҚК-ның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тиісті шаралар қабылдауды ұсынды. Бұдан басқа, Әділет министрлігіне жекеше сот сараптамасын жетілдіру бойынша жүйелі іс-шаралар қабылдауды тапсырды.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 605,7млн. теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қаржылық бұзушылықтар анықталып, аудит кезінде толық көлемде қалпына қалпына келтірілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Есеп комитеті анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойыншатапсырмалар берді.

 
Есеп комитетініңбаспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату