РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

18.09.2018

Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-сарапшылық кеңестің отырысы өтті

Отырысқа Парламент депутаттары, «Аудиторлар палатасы», «Аудиторлар алқасы» кәсіби аудиторлық ұйымдардың, «Ernst&Young», «PricewaterhouseCoopers» халықаралық аудиторлық компаниялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, квазимемлекеттік сектордың аудиторлары, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» ҰКП-ның, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған ауқымды бағдарламалық құжаттарды іске асыруда мемлекеттік аудит органдарының рөлінің маңыздылығыны атап өтілді. 

Осыған байланысты Қазақстандағы тиімділік аудитін дамыту проблемалары мен перспективалары ерекше өзектілікке ие.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес Есеп комитетінің негізгі функцияларының бірі тиімділік аудитін жүргізу болып табылатыны атап өтілді.

Отырысқа қатысушылар айтуынша, тиімділік аудиті бұзушылықтардың себептерін анықтауға және оларды жою бойынша ұсынымдарға бағытталған. Қазіргі уақытта Есеп комитеті аудиттің осы типін практикаға енгізуде. Бұл кезеңде оны жүргізу әдіснамасын жетілдіру, бюджет шығыстарының тиімділігін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатқа сыртқы сарапшыларды тарта отырып, арнайы жұмыс тобы құрылды. 

Отырысқа қатысушылар аудиторлық іс-шараларды жүргізу процесіне сарапшылар мен аудиторлық ұйымдардың қатысуын, сондай-ақ аудиторлық іріктемені айқындау кезінде  кәсіби пайымды қолдану мәселелерін толығырақ талқылады.

Сыртқы сарапшыларды тарту сенімді нәтижелер алуға ықпал ететіні, тұжырымдардың объективтілігін және бағалаудың дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сонымен қатар, жоғары білікті тар бейінді мамандардың жетіспеушілігін ескере отырып, мемлекеттік органдардың, аудиторлық, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен сарапшылар пулын құру қажеттілігі туралы ұсыныс айтылды, оларды  мемлекеттік аудиторлық ұйымдар тұрақты түрде тартатын болады.

Отырыстың қорытындысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың ең өзекті мәселелері бойынша отырыстар өткізуді болжайтын Консультативтік-сарапшылық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
 
Анықтама ретінде:
 
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері жөніндегі консультативтік-сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері басымдықтарды айқындау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, мемлекеттік аудитті енгізудің тиімділігін талдау және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің өзекті бағыты бойынша консультативтік-сарапшылық сүйемелдеу болып табылады.
 
Есеп комитетініңбаспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату