РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

20.09.2018

Қазақстанның Есеп комитетінің өкілі Чэнду қаласында (Қытай Халық Республикасы) өткен «Азия бағалау апталығы» атты халықаралық конференцияға қатысты

Іс-шараға жоғары мемлекеттік аудит органдарының (ЖМАО) 150-ден астам өкілі, сарапшылар, Азия-Тынық мұхит аймағы, Латын Америкасы мен Африка елдерінің халықаралық ұйымдарының және мемлекеттік органдарының мамандары қатысты.

Конференцияны ҚХР Қаржы министрлігінің Азия-Тынық мұхиты институты мен Азия даму банкінің Тәуелсіз бағалау департаменті ұйымдастырды.

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді бағалауды жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Тиісті өлшемшарттарды, кең ауқымды бағдарламалыққұжаттарды талдау кезінде қолданылатын негізгі стандарттар мен нұсқаулықтарды қолдану, анықталған кемшіліктерді жою бойынша пәрмендіұсыныстар әзірлеумәселелерібойынша пікір алмасу болды.

Есеп комитетінің өкілі ГүлсанаДәрібаева негізгі күн тәртібі бойыншабаяндама жасады. Ол мемлекеттік және үкіметтікбағдарламалардың іске асырылуынбағалаудағыұлттық тәжірибемен бөлісті. Бұл реттестратегиялық құжаттардыңорындалутиімділігін арттыру, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу мәселелеріндеелдіңжоғарымемлекеттік аудит органының рөлі ерекше атап өтілді.
 
Анықтама үшін:
 
Азия Даму Банкі - қаржы ұйымы, оның негізгі міндеті Азия және Қиыр Шығыселдеріне тікелей қарыздар беру және техникалық жәрдем көрсету арқылы солөңірдіңэкономикалық өсуін ынталандыру болып табылады.
 
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату