РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

28.09.2018

Қазақстанның Есеп комитеті 2018-2021 жылдарға ASOSAI (Азия жоғары мемлекеттік аудит органдарының ұйымы) Аудиторлық комитетінің мүшесі болып сайланды

Есеп комитетінің осындай жоғары лауазымға сайлануы ведомство қызметінің одан әрі жандануынажәне Қазақстан Республикасының халықаралық аудиторлық қоғамдастықтағы имиджін нығайтуға ықпал ететін болады.

Дауыс беру нәтижесінде Түркияның Есеп соты да Аудиторлық комитеттің мүшесі болып сайланды. Екі елдің жоғары аудиторгандары (ЖАО) 2018-2021 жылдар ішінде ASOSAI қаржылық есептілігіне аудит жүргізуі тиіс.

Аудиторлықкомитеттің мүшелерінжәнеБасқарушы кеңесті сайла уВьетнамныңХаной қаласында 14-ші ASOSAI Ассамблеясы шеңберінде өткізілді. Оған ASOSAI-ға мүше елдердің жоғары аудиторгандарының (ASOSAI) 200-ден астам өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысты.
Қазақстандық делегацияны Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан басқарды.

Ассамблея барысында ұйым қызметінің үш жылдағы қорытындысы шығарылды. ASOSAI-дың 2015-2017 жылдардағы қаржылық есептілігі қаралды, 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті бекітілді, Стратегиялық жұмыс жоспарын іске асырудың нәтижелері талқыланды.

Малайзияның бас аудиторынан Ұйым төрағасының өкілеттіктерін 2018-2021 жылдарға Вьетнамның бас аудиторына тапсыру салтанаты өтті.  Қытайдың Ұлттық аудит офисі осы кезеңге ASOSAI Бас хатшысы болып белгіленді. ASOSAI құрамына жаңа мүше - Палестинаның ЖАО қабылданды. Келесі Ассамблеяны Таиландтаөткізілетін болды.

7-ші ASOSAI симпозиумы барысында климаттың өзгеруі,қоршаған ортаныңластануы және адамзат өміріне қауіп төндіретін басқа да жаһандық проблемалар аясында тұрақты даму мақсатындақоршаған орта аудитін жүргізудіңөзекті мәселелері талқыланды.

Жұмыстың қорытындысы бойынша Ханой декларациясы қабылданды, оған сәйкес қатысушылар білім жәнетәжірибе алмасу, экологиялық аудит стандарттарын тарату, қарқынды оқыту курстарын ұйымдастыру, осы саладағы мәселелерді шешу үшін бірлескен тексерулер жүргізу арқылы ASOSAI қызметінжандандырутуралы уағдаласты.

Іс-шара шеңберінде Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан Вьетнам, Иран, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Таиланд, Түркия, Оңтүстік Корея және Жапония ЖАО-ларының басшыларымен және өкілдерімен кездесті.

Тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты жандандыру және нығайту жолдарын талқылады. Вьетнам мен Таиланд ЖАО-ларымен ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумдарға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді. Талғат Жақан әріптестеріне алғысын білдіріп, Аудиторлықкомитеттің мүшесі ретінде Қазақстанның Есеп комитеті ASOSAI шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін әлеуетін және жинақталған тәжірибесін пайдалану үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.
 
Анықтама үшін:
 
ASOSAI(Азия жоғары мемлекеттік аудит органдарының ұйымы) – өзінің құрамында азия және тынық мұхиты өңірінің 46 елінің жоғары қаржылық бақылау органдарын біріктіретін ұйым. 1979 жылы құрылған. ASOSAI-дың жоғары органы болып 3 жылда бір рет өткізілетін Ассамблея болып табылады. Есеп комитеті ASOSAI-ға 2000 жылдан бастап мүше болып табылады.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату