РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

10.10.2018

Есеп комитетінің ұжымы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

Есеп комитетінің ТөрайымыНаталья Годунова Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы еліміздің одан әрі дамуының стратегиялық бағытын көрсететінауқымды бағдарламалыққұжат болып табылатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын айқындайтын негізгі салалардағы  теңдесі жоқ шаралармен оларды іске асырудың нақты жолдарын  белгілеп берді. Ең төменгі жалақыны көтеру, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалау, жайлы және қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді қолдауға және басқа да мәселелерге байланысты шығыстардың артуы әрбір адам үшін өте маңызды», - деді Н. Годунова.

Есеп комитеті Төрайымының айтуынша, Жолдауда айтылған барлық бастамалар нақты фактілермен, цифрлармен расталады, қажетті қаржылық ресурстармен бекітілген, олардың жалпы сомасы 1,5 трлн. теңгеден асады.

«Сондықтан, стратегиялық бағыттарды іске асыру кезінде басты назар осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына, салынған әрбін тиыннан барынша қайтарым алынуын қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Бұл мәселелерде мемлекеттік аудит органдары ерекше рөл атқарады», - деді ол.

Наталья Годунова Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу жөніндегі бастамалары жоғары мемлекеттік аудиторлық органның одан кейінгі аудиторлық және сараптамалық-талдау жұмысын жоспарлау мен жүргізу кезінде басымдыққа ие болатынын атап өтті.

 Талқылаудың қорытындысы бойынша Төрайым Есеп комитетінің мүшелері мен қызметкерлеріне Президенттің тапсырмаларын, соның ішінде Жолдауда белгіленген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.
        
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату