РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

15.10.2018

Қазақстанның Есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенев басқарған делегация Тренингтік комитеттің 18-ші отырысына және ЭКОСАИ-дың Басқарма Кеңесінің (Жоғары аудит органдарының экономикалық ынтымақтастық ұйымы) 23-ші отырысына қатысты

Баку қаласында (Әзербайжан Республикасы) өткен іс-шараға Ауғанстанның, Әзербайжанның, Пәкістанның және Түркия Республикасының жоғары аудит органдарының (ЖАО) өкілдері қатысты.

Жақын болашақта ұйымды дамытудың негізгі басымдықтары, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ бірлескен және қатар аудиторлық  іс-шаралар жүргізудің перспективалары талқыланды.

ЭКОСАИ-дыңБас хатшысы - Пәкістанның бас аудиторы Джавад Джехангир 2017 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы хабарлады. Бұдан басқа, ЭКОСАИ-дың оқу іс-шараларын өткізу үшін Ислам даму банкінен қаржылай көмек ретінде алынған қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп қаралды.

Есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенев Басқарма кеңесінің 23-ші отырысында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол  ұйым шеңберінде үздіксіз білім мен тәжірибе алмасу қатысушы елдердің мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен бірге, ол осы кезеңде ЭКОСАИ-ға мүше мемлекеттердің  ЖАО-ларының, соның ішінде бірлескен аудит, біліктілікті арттыру семинарларымен курстарын өткізу арқылы ынтымақтастығын кеңейту өзекті болып табылатынын айтты. Әділғазы Бергенев,бұл - жұмысты сапалы жаңа деңгейге шығаруға, мемлекеттік аудитті жүргізудің нысандары мен әдістерін жақсартуға, сондай-ақ аудиторлардың кәсіби деңгейін арттыруға қызмет етеді деп атап өтті.
 
Анықтама үшін:

ЭКОСАИ - жоғары аудит органдарының экономикалық ынтымақтастық ұйымы.ЭКОСАИ-дың мүшелері –Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстанның ЖАО-лары. Есеп комитеті 2004 жылы ЭКОСАИ-ға мүше болды, 2016 жылы ЭКОСАИ-дың Басқарма Кеңесінің құрамына кірді.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату