РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

19.10.2018

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Есеп комитетінде Наталья Годунованың төрағалық етуімен Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Ұлттық комиссияның мүшелері олардың кәсіптік және әдептілік қасиеттеріне баға берді.

Әңгімелесу Қаржы министрлігініңІшкі мемлекеттік аудит комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіжәнеолардың бірқатар аумақтық бөлімшелері, Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Өскемен қаласы білім бөлімі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт»(Казспецэкспорт)ШЖҚ РМК, Астана қаласы әкімдігінің қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, «Энергохолдинг-А» ЖШС қызметкерлерінің және жеке тұлғалардың ішінен 14 кандидатпен өткізілді.  

Отырыстың қорытындысы бойынша «мемлекеттік аудитор» біліктілігі  10 кандидатқа беріліп, 4 кандидатқа беруден бас тартылды.

Бұдан басқа, Ұлттық комиссияның мүшелері «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 39-бабының 8-тармағына сәйкес Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның бірқатар аумақтық бөлімшелерінің кәсіби әдеп нормаларының талаптарын сақтамаған, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған, соның ішінде өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған 4 жұмыскерінен мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы шешім қабылдады.
 
                                                                                                                                                                             
 
Анықтама үшін:
 
Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Есеп комитетінен бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.
Есеп комитеті Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде он төрт адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау олардың білімін растауды және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында айқындалатын тәртіппен әңгімелесу жүргізуді қамтиды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату