РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

29.11.2018

Есеп комитетінің отырысында Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні байқалатыны атап өтілді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 1 085,9 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты және 2016 жылмен салыстырғанда 3,1% - ға ұлғайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит барысында облысқа трансферттер түрінде бөлінетін республикалық бюджет қаражатын жергілікті атқарушы органдар жеткілікті тиімді және ұтымды пайдаланбайтыны анықталды.

Бюджет заңнамасын, сәулет және құрылыс қызметі туралы заңнаманы сақтамау фактілеріне жол берілген.

Сомасы 108,3 млн. теңгеге бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру жергілікті бюджеттен қосақаржыландырусыз жүзеге асырылған. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және коммуналдық тұрғын үй объектілерін салу кезінде құрылыстың нормативтік мерзімдері сақталмаған. Тайынша ауданындағы КТ-68 «Петропавл-Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово» автомобиль жолын реконструкциялау 8 млрд. теңге жұмсалғанына қарамастан, 8 жылдан астам уақыт бойы жалғасуда және жұмыс аяқталғанға дейін шығыстардың өсуіне және табиғи тозуына әкеп соғуда.

Инвестор қалайы кендерін қайта өңдеу және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша тау-кен металлургия комбинатының құрылысын қамтамасыз етпеген, ал бюджет есебінен 2,3 млрд. теңгеге барлық қажетті өндірістік инфрақұрылым салынған.

Петропавл қаласының қалалық нөсерлік кәрізін жақсарту бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды, олардың коллекторларының тозуы 65% - ды құрайды. Бұл ретте осы қажеттіліктерге бөлінген қаражат басқа мақсаттарға қайта бөлінеді.

Сондай-ақ, ұзақ мерзімді құрылыс жобаларын іске асыру кезінде Үкіметтің арнайы резервінің қаражатын пайдалану және жекеменшік сатып алу заңнамасының нормаларын қолдану бөлігінде заңнаманың жекелеген олқылықтары аңықталды.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Есеп комитеті жалпы сомасы 7 068,7 млн. теңгеге (с.і. бухгалтерлік есеп бойынша 7 062,7 млн. теңге) қаржылық бұзушылықтарды анықтады, аудит барысында оның 7 066,2 млн. теңгесі немесе 99,9%-ы өтелді және қалпына келтірілді. Бұдан басқа, сомасы 734,7 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 6 015,4 млн. теңгеге тиімсіз пайдалану және 101 рәсімдік бұзушылық фактілері анықталды.

 Отырыс қорытындысы бойынша Есеп комитеті Үкіметке бюджет заңнамасын және мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Мемлекеттік аудиттің жекелеген материалдары құқық қорғау органдарына жіберілетін болады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға, 4 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді.

 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату