РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

23.11.2018

Есеп комитеті 2018 жылғы 20 - 22 қараша аралығында тәжірибе және білім алмасу мақсатында Астанаға келген Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитетінің делегациясы үшін семинар өткіздіІс-шара бұрын қол жеткізілген екіжақты келісім негізінде ұйымдастырылды.

Іс-шара бұрын қол жеткізілген екіжақты келісім негізінде ұйымдастырылды.

Семинарда Есеп комитетінің қызметкерлері беларустықәріптестермен бюджет қаражатын жоспарлау әдіснамасы және практикасы, тиімділік аудитін жүргізу, сондай-ақ аудиттің қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуын мониторингілеу тәжірибесімен бөлісті.

Тараптар инвестициялық жобалардың, мемлекеттік сатып алудың, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы, табиғатты қорғау шаралары және қауіпті қалдықтарды өңдеу секілді экономиканың ерекше секторларының іске асырылуына тиімділік аудитін жүргізу мәселелерін талқылады.

Сапар барысында Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитетінің делегациясын Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова қабылдады.

Кездесу барысында Беларусь Республикасының жоғары қаржы бақылау органының өкілдері семинарды жақсы ұйымдастырғаны үшін Есеп комитетінің Төрайымына алғыс айтты және аудиторлық және талдамалық жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың ұлттық жүйесін құру, Есеп комитеті мемлекеттік аудиторларының біліктілігін көтеру, соның ішінде CIPFA халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру тәжірибесіне ерекше қызығушылықтарын атап өтті.

Өз кезегінде Наталья Годунова Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитетімен ресми кездесулер шеңберінде де, жұмыс тәртібінде де табысты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кеңейтуге дайын екендігін білдірді, сондай-ақ болашақта бірлескен аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу мүмкіндігін атап өтті.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату