РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

04.12.2018

Есеп комитетінің Төрайымы бастаған делегация дәрежесі бойынша тең тексерудің қорытындысы бойынша есепке қол қою мақсатында Эстонияның Мемлекеттік аудит офисіне барды

2018 жылғы 4 желтоқсанда Таллин қаласында Есеп комитетінің қызметін тең тексерудің қорытындысы бойынша Есеп комитетінің және Эстонияның Мемлекеттік аудит офисінің бірлескен отырысы өтті. Отырыста ведомстволардың басшылары Есеп комитетінің қызметін жетілдіруге бағытталған ұсынымдарды қамтитын қорытынды есепті қарап, оған қол қойды.

Тең тексеру 2018 жылдың ішінде өткізілді. Эстонияның Мемлекеттік аудит офисінің аудиторлық тобы Есеп комитетіне үш рет жұмыс сапарымен келіп, оның шеңберінде Есеп комитетінің барлық құрылымдық бөлімдерінің басшыларымен және өкілдерімен, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттарымен және бірнеше мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Тексеру барысында Есеп комитетінің қызметін жоспарлау және ұйымдастыру, аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу, соның ішінде дәлелдемелер базасын жинау, тиісті есептер мен қорытындыларды дайындау, ұсынымдар әзірлеу мәселелері, әдіснамалық қамтамасыз ету, ішкі сапа бақылауын жүргізу және ақпараттық жүйелерді қолдану мәселелері зерделенді.

Сондай-ақ, Есеп комитеті қызметкерлерінің кәсіби дамуы, Президентке, Парламентке есеп беру, халықаралық ынтымақтастық, Есеп комитеті қызметінің жариялылығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Отырыста есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова тексеру жүргізу шеңберіндегі кәсіби жұмысы үшін эстониялық әріптестеріне алғыс айтып, былай деді: «Қазіргі уақытта біз қаржылық бұзушылық фактілерін анықтап көрсету практикасынан кетудеміз және өз қызметімізді тиімділікті бағалауға және оны арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге қарай бағыттаудамыз. Сондықтан Эстонияның экономикалық саладағы тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқару, оның ішінде мемлекеттік аудит саласындағы тәжірибесі де біз үшін маңызды және бізді қызықтырады».

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ІТ аудит саласында одан әрі ынтымақтастық жүргізу туралы уағдаласты.

Сондай-ақ, сапар аясында тиімділік аудитін және электрондық аудитті жүргізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өтеді.
 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату