РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

20.12.2018

2018 жылғы 20 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Н.Н. Годунова бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану саласында анықталған сыбайлас жемқорлық белгілерінің көрініс табуы фактілері бойынша Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы, сондай-ақ осындай фактілерге ден қою шаралары туралы баяндама жасады.

Отырыста қаржылық бұзушылықтар жасағаны үшін аудит объектілерінің басшыларының жауаптылығын күшейту, тәртіптік жауаптылыққа тарту мерзімдерін ұлғайту, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлағаны және пайдаланғаны үшін жауапты адамдардың әкімшілік жауаптылығын бекіту бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарға бастамашылық жасалды.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату