РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

20.12.2018

2018 жылғы 20 желтоқсанда Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Есеп комитетінің отырысында Павлодар облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтауына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыланды.

Павлодар облысы – республиканың индустриалды және экономикалық дамыған аймағы. Елдің ЖІӨ көлемінде облыстың ЖАӨ-сінің үлесі  2016 жылғы 4,2%-дан 2017 жылдың қорытындысы бойынша 4,4%-ға дейін өсті. Жан басына шаққандағы ЖАӨ-нің 2016 жылы 2,6 млн. теңгеден  2017 жылы 3,1 млн. теңгеге дейін өскені байқалады немесе 119%.

Сонымен қатар, Павлодар облысына бөлінген қаражатқа жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының жекелеген кемшіліктері мен бұзушылықтары анықталды.

Ауыл шаруашылығы басқармасы инвесторлар қызметіне, жабдықтың, техниканың мақсатты және тиімді пайдалынылуына, сондай-ақ жобаның толық іске асырылуына мониторингті тиісті деңгейде жүзеге асырмайды. Атап айтқанда, қолданыстағы субсидиялау тәртібіне сәйкес келмейтін жалпы сомасы 653,3 млн. теңгеге АӨК субъектілерін субсидиялау фактілері анықталды. Бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға ұсынылған жабдықтардың (күн панельдері) құны отандық өндірушінің бағасынан 10,5 есе жоғары.

Денсаулық сақтау саласында пациенттердің дәрілік заттарға қажеттілігін анықтауға бағдарланған уақтылы, өзекті және қажетті ақпаратты ұсынбау орын алған, бұл нәтижесінде дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін контингенттің қанағаттанбаушылығын тудырады. Амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде келіп түскен дәрілік препараттарды есепке алудың болмауына байланысты сомасы 181,1 млн. теңге болатын дәрі-дәрмектің берілу фактілері расталмады.

2017-2018 жылдары желілер салу сумен жабдықтаумен қамтамасыз етуді 25-тен 30%-ға дейін ұлғайтты. Өз кезегінде Павлодар облысы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша республикада соңғы орында. Бұл ретте, Павлодар облысының елді мекендерінде салынған су құбырларының қуаты сумен жабдықтау нормасынан 1,4-тен 12,4 есеге дейін асырылған, бұл өз кезегінде айтарлықтай артық шығындарға алып келеді.

Павлодар қаласының құрылыс бөлімінде 10 жоба бойынша сымды радио орнату бойынша жұмыстар мен материалдардың құны негізсіз асырылған, ал оны көрсету қызметтері облыста мүлде жоқ. Бұдан басқа, лифттер мен оларды орнату, сондай-ақ пәтерлік жылу энергиясын есепке алу пункттерінің құны тұрғын үйдің сыртқы желілерін салу мен абаттандыру жобаларына заңсыз қосылған. Жекелеген мердігерлер шартты орындауды қамтамасыз етудің заңнамалармен белгіленген түрлерінің орнына сақтандыру полистерін заңсыз енгізген.

«Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасының шеңберінде іске асырылған жобалар бойынша Ертіс ауданы Қызылжар ауылында құны 550,5 млн. теңге болатын су құбыры желісі тиімсіз пайдаланылған.  Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органы 2017 жылы салынған сумен жабдықтау инфрақұрылымы объектілерін пайдалану мәселесін шешпеген.

Есеп комитеті мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2 051,2 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, соның ішінде бухгалтерлік есепке алу туралы заңнама саласында 1 088,7 млн. теңге, сомасы 798,6 млн. теңгеге қаражаттың тиімсіз пайдаланылуын анықтады.

Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарына анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша тапсырмалар берілді.

Аудиттің жекелеген материалдары процестік шешім қабылдау үшін  құқық қорғау органдарына, сондай-ақ әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.
 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату