РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

27.12.2018

2018 жылғы 27 желтоқсанда Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Отырыста Қазақстан Республикасында ғылымды қаржыландыру тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Ғылым саласы еліміздің инновациялық дамуы үшін ұлттық құндылықтың негізін қалаушы ресурстың маңызды бөлігі болып табылады.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап ғылыми қызметтің тиісті жұмыс жасауына және отандық ғылыми зерттеу ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал ететін мықты заңнамалық базаны құруға мүмкін болды.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудиттің нәжижелері ғылымның одан әрі дамуына және экономиканы ғылымды қажеттілігін арттыруға бөгет болатын бір қатар жүйелі мәселелердің бар екенін туралы куәләндырады.

Ғылыми зерттеулерді практикада қолданудың деңгейі төмен және фундаменталды зерттеулер мен тәжірбиелі конструкциялық әзірлеулер арасындағы үйлесімсіздік бар екені байқалады.

Білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасында көрсеткішпен күтілетін нәтижелер Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму көрсеткіштерімен компазициялануы толық көлемде қамтамасыз етілмеген.

Атап айтқанда ғылыми зерттеу қызметтеріне арналған шығыстарды ЖІӨ 1% дейін арттыру қаралған, қазақстандық ғалымдардың халықаралық жобаларға қатысуы, сондай-ақ ғылыми қажеттіліктің дамуын цифровизация механизмдерін енгізу жолымен арттыру көрсеткіштері өз көрсеткіштерін таппады.

Ашықтық және тиімділік толық көлемде сәйкес келе бермейтін қаржыландыру, ғылыми жобаларды іріктеу және бағалау, оларды іске асыру қорытындылары бойынша есептер механизмдері жетілдіруді талап етеді.

Ғылыми жобаларды іріктеу бойынша 147 кун болатын конкурс өткізу рәсімінің ұзақтығы ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін бюджеттік өтінімдерді ұсыну бойынша бюджеттік рәсімдерінің талаптарының бұзылуына әкеп соғады.

Субъектілердің тізбесінің жекелеген жағдайлары және базалық қаржыландырудың нормаларында ескірген талаптар бар және номативтік құқықтық актілірдің күшін жойған нормативтік құқықтық актілергі сүйенеді.

Нақты нормалар бекітілмей төленетін ғылыми-техникалық қызметті информациялық сүйемелдеуге арналған шығыстырдың мазмұны нақтыланбаған.

Өз кезегінде жобаларды бағалау процесінің айқын критерилері жоқ. Бұл ғылыми-техникалық сараптаманың жүргізу барысында субъективтілік тәекелге алып келуі мүмкін.

Ғылыми зерттеулерді іске асыру барысын мониторингілеу тиімділіктің қажетті деңгейінде жүргізілмейді, бұл ретте нақты ұсынымдар мен ұсыныстарды ұлттық ғылыми кеңес отырыстарында қараусыз және Ғылым комитеті тарапынан шаралар қабылданбай мониторинг актілерін құрастырумен шектеледі.

Мемлекеттік аудитпен 58,7 млн. теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар, 623,5 млн. теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері, жекелеген жүйелі кемшіліктер және рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Есеп комитеті отырысының қорытындысы бойынша Үкіметке және Білім және ғылым министрлігіне ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар берілді.
 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату