РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

16.01.2019

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова бастаған делегация 2019 жылғы 15-17 қаңтар аралығында Мәскеу қаласында өтіп жатқан 10-шы Гайдар форумына қатысуда

Гайдар форумы – бұл қазіргі заманның ең өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен өзекті проблемаларын талқылау мақсатында түрлі елдердің сарапшыларын біріктіретін ірі халықаралық форумдардың бірі. Форум жұмысына дәстүрлі түрде ресейлік және шетелдік сарапшылар, қоғам және саяси қайраткерлер, журналистер мен кәсіпкерлер, Үкімет мүшелері және Ресей Федерациясы субъектілерінің басшылары қатысады. 10-шы мерейтойлық форум аясында 90-нан астам түрлі іс-шаралар жоспарланған: панельдік және сараптамалық пікірталастар, дебаттар, талдамалық баяндамалар, ашық дәрістер, дөңгелек үстелдер және т. б.

Қазақстандық делегация «Стратегиялық аудит: жоғары аудит органдары ұлттық мақсаттарға жеткізудіқалай бағалайды» тақырыбында пікірталас панеліне қатысты.

Сондай-ақ панельдік сессияның жұмысына Индонезия, Ресей, АҚШ, Финляндия жоғары аудит органдарының, Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (INTOSAI) өкілдері қатысты. Қатысушылар ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесуде жоғары аудит органдарының рөлін, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлер мен міндеттерге сәйкес болу, қоғам үшін де, билік үшін де өзектілігін сақтау және өзінің құндылығын арттыру мақсатында жоғары аудит органдарының трансформациясы және олардың функциялары мәселелерін талқылады.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату