010000, Нур-Султан 
проспект Мәңгілік ел,дом №8, 
здание  «Дом министерств», 10 подъезд
+7 (7172) 70-70-37

Выступление Председателя Счетного комитета Джанбурчина К.Е. на торжественном заседании, посвященном 20-летию образования Счетного комитета

Қадірлі әріптестер!
Құрметті қонақтар және шақырылғандар!
 
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1996 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен мемлекеттік қаржылық бақылаудың қазақстандық жүйесінің даму тарихында жаңа бір парақ ашылды.

Осы кезден бастап, Президенттің тікелей тапсырмасымен нарықтық экономикаға көшу жағдайларында түсімдердің толықтығы мен мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етугеқабілетті, тәуелсіз мемлекеттік орган қалыптастыру жұмыстары басталды.

Бұл ретте Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін Есеп комитеті туралы ереже бекітіліп, оның негізгі функциялары мен міндеттері айқындалды. Бұған қоса, өзінің мазмұны бойынша Үкіметтің есебіне қорытынды болып табылатын, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітуге ұсыну жолымен Есеп комитетінің Парламент алдындағы есептілігі белгіленді.

Қазақстанның нарықтық қатынастардың әлемдік аренасына шығуы және оның талаптарына сәйкес, экономикамызды түрлендіру мемлекеттік бюджетті бақылау бойынша озық шетелдік тәжірибені зерделеудің және енгізудің қажеттілігін алдын ала айқындады. 
Мәселен, 2000 жылы – Есеп комитеті Халықаралық және Азия жоғары қаржы бақылау органдары ұйымдарының, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің, 2004 жылы – Еуропа жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының толыққанды мүшесі болды.

Халықаралық ұйымдардың қызметі шеңберінде Есеп комитеті басқа елдердің жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарымен белсенді ынтымақтастық жасай бастады.

2004 жылы қабылданған Бюджет кодексімен Есеп комитеті жоғары қаржы бақылау органының мәртебесін алды. Сондай-ақ оған республикалық бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, бюджет және Ұлттық қор қаражатының тиімділігін, сәйкестігін, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын, бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылау өкілеттіктері берілді.

Республикалық бюджетті атқару кезінде жол берілетін бұзушылықтарды анықтау әдістері терең талдауды, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды ғылыми негіздеуді талап еткенін ескере отырып, 2007 жылы Есеп комитетінің жанынан «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК құрылды.

Уважаемые коллеги!
Уважаемые гости и приглашенные!

Выступая на открытии первой сессии Парламента четвертого созыва в сентябре 2007 года, основатель нашего государства-Лидер нации Нурсултан Абишевич Назарбаев поручил укрепить систему государственного финансового контроля, усилить ревизионные комиссии маслихатов и Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета.

С учетом поставленной задачи Бюджетным кодексом 2008 года Счетному комитету были делегированы дополнительные полномочия.
В частности, была усилена координирующая роль Счетного комитета в отношении ревизионных комиссий маслихатов.

Однако, в ходе проведения контрольных мероприятий в регионах Счетным комитетом неоднократно высказывались серьезные замечания об отсутствии действенного внешнего финансового контроля на местах, неэффективной деятельности функционировавших в то время ревизионных комиссий маслихатов при ежегодном увеличении затрат местных бюджетов.

Нас в этом вопросе поддержал Глава государства, подписав Указ от 2 мая 2011 года, которым было предусмотрено создание независимых органов внешнего контроля – ревизионных комиссий.

В этом году со дня образования ревизионных комиссий исполняется пять лет.  За это время ревизионные комиссии превратились в полноценные государственные органы, осуществляющие эффективный внешний государственный контроль за исполнением местных бюджетов.

Пользуясь случаем, хочу поздравить представителей ревизионных комиссий с этим первым юбилеем, пожелать успехов во всех делах и начинаниях.
 
Уважаемые коллеги!
Уважаемые гости и приглашенные!

Нурсултан Абишевич Назарбаев в своем Послании народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050» объявил реформу по созданию комплексной системы государственного аудита на основе передового мирового опыта.

В результате с принятием в ноябре прошлого года Закона «О государственном аудите и финансовом контроле» Счетный комитет приступил к реализации его положений.

Если осуществляемый в предыдущие годы финансовый контроль был направлен, главным образом, на раскрытие фактов нарушений законодательства, то государственный аудит должен способствовать их предупреждению и минимизации.

Счетный комитет отныне наделен новыми функциями. Так, Счетному комитету предоставлены полномочия по координации всех органов государственного аудита и финансового контроля, оценке их деятельности, представлению на назначение председателей ревизионных комиссий по согласованию с Администрацией Президента.

Одним из важных направлений нового Закона является введение системы независимой сертификации государственных аудиторов.
Создан Координационный совет органов государственного аудита и финансового контроля, решения которого имеют обязательный характер.

Таким образом, в течение 20 лет Счетный комитет прошел несколько этапов развития – от смены командно-административных подходов рыночными методами контроля до построения новой структуры аудита, соответствующей современным требованиям бюджетной сферы.
 
Уважаемые коллеги и приглашенные!

Всего с начала деятельности Счетным комитетом проведено 734 контрольных мероприятия с охватом бюджетных средств и активов государства на сумму более 26,0 трлн.тенге.

Общая сумма финансовых нарушений, выявленных по результатам контроля, составила свыше 4,0 трлн.тенге, восстановлено в бюджет 316,4 млрд.тенге. Хочу отметить, что эта сумма в 35 раз превышает затраты государства на содержание Счетного комитета за 20 лет.
 
 Уважаемые коллеги и приглашенные!

Сегодня высший орган государственного аудита и финансового контроля успешно реализует свои задачи и функции. По большинству параметров мы вышли на современный, адекватный требованиям и вызовам времени уровень, полноценно представляем страну в мировом аудиторском сообществе.

Однако, достигнутые результаты – не повод расслабляться и проводить пышные праздничные торжества. Впереди сложное время, решение текущих и перспективных задач, требующие от нас полной отдачи.

В настоящее время нами проводится целенаправленная работа по реализации положений Закона «О государственном аудите и финансовом контроле». Полномочия Счетного комитета значительно расширены, но без увеличения штатной численности. Нагрузка возросла, но мы к ней готовы.
 
Қадірлі әріптестер!
Құрметті қонақтар және шақырылғандар!

Мемлекет басшысы мен қоғамның бізге жүктеген жауаптылығын сезіне отырып, жұмысымызды және аталған міндеттерді сапалы орындау арқылы 20 жыл ішінде Есеп комитетінің шынымен де тиімді мемлекеттік органға айналғанын, өз жұмысына сыни көзбен қарайтынын және қандай да бір жағдай болмасын, босаңсуға жол бермейтінін растауға тиіспіз.

Сөздерімді қорыта келе, әріптестеріме және ардагерлерімізге Есеп комитетінің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғысымды білдіре отырып,  барлығыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.

Бұл ретте, қазір арамызда отырған, Есеп комитетін түрлі кезеңдерде басқарған Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаевтың және Омархан Нұртайұлы Өксікбаевтың жемісті қызметтерін ерекше атап өткім келеді. Сіздерге жемісті еңбек және толағай табыс тілеймін.

Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, тексеру комиссиялары өкілдеріне мүмкіндік тауып, бүгінгі салтанатты жиынымызға қатысқандарыңыз және көптеген бағыттар бойынша жасап жатқан өзара сындарлы іс-қимылдарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Бәріміздің мақсатымыз – бір. Сондықтан, біз Отанымыз – Қазақ елінің дамуы мен көркеюі жолында ортақ іс-қимыл жасауға тиіспіз.

Есеп комитеті өз тарапынан мемлекетіміздің негізін қалаушы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қойған міндеттерін алдағы уақытта да абыроймен орындап, білдірген сенімін ақтайтынына күмән келтірмеймін.

 
Назар қойып, тыңдағандарыңызға рақмет!
 
Документ создан: 07.12.2018 17:14:41
Документ изменен: 07.12.2018 17:14:41