СЧЕТНЫЙ КОМИТЕТ
ПО КОНТРОЛЮ ЗА ИСПОЛНЕНИЕМ РЕСПУБЛИКАНСКОГО БЮДЖЕТА

Вопрос-ответ
26.09.2017 Татьяна Квитко
Вопрос: Добрый день. Согласно Правилам проведения аудита специального назначения субъектов квазигосударственного сектора Аудиторская организация должна уведомить Счетный комитет о начале аудита и направить уведомление. Вопрос: на какой адрес и в какой отдел Счетного комитета следует направлять уведомление о начале аудита?
Ответ:
Рассмотрев Ваше обращение от 26.09.2017 года, сообщаем, что  уведомление о начале аудита специального назначения субъектов квазигосударственного сектора следует отправлять в Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета по адресу 010000, город Астана, проспект Мәңгілік Ел, дом №8 «Дом министерств».
 
 
 


14.09.2017 Алмаз
Вопрос: Құрметті Нұрмұханбет Қанапияұлы! Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шара жүргізу барысында алдыңғы бақылау бойынша түзілген аудиторлық есептерді тану немесе танымау жөнінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 19 бабында көрсетілген. Осыған орай, аудиторлық есептерді тану немесе танымау тәртібі қалай жүргізіледі және қанша уақытта жүргізілуі тиіс екендігіне түсіндірме беруіңізді сұраймын. Біріншіден, барлық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудиторлық есептерді стандартқа сәйкестігін анықтау үшін Есеп комитетіне жолдауы міндетті ме? Екіншіден, аудиторлық есепті тану (танымау) процесі ұзақ және үлкен жұмысты қажет екендігі белгілі. Ал егер, Республикамыз бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жылдық жоспарларына сәйкес түзілетін аудиторлық есептерінің көптігін (көлемділігін) ескере келе, аудиторлық есептерді тану (танымау) процесі жалпы республика бойынша аудиторлық іс-шараларының мерзімінде орындалуына кедергі болмайды ма? Үшіншіден, аудиторлық есептегі мәселердің бір шамасы толық ашылмай, аудиторлық есеп стандартқа сәйкес емес деп танылса, алайда, аудиторлық есепте аудит объектісі тарапынан бұзушылық фактілері анықталған болса, осы аталған бұзушылықтар аудиторлық қорытындыға енбеуі керек пе? Сонымен қатар, аудиторлық іс-шара жүргізу кезінде аудит объектісінің лауазымды тұлғаларына әкімшілік айыппұл төлеу туралы сот шешімі қабылданған және лауазымды тұлғалардан бюджетке қаржы өндірілген немесе оларға тәртіптік шара көрілген жағдай болса, ал осы аудит объектісі бойынша түзілген аудиторлық есеп стандартқа сәйкес емес танылған жағдайда осы іс-шара бойынша қабылданған аудиторлық қорытынды, аудит объектісіне жіберілген нұсқамалардың күшін жою керек пе? Керек болса олардың тәртібі қандай? Аудит барысында қабылданған шаралар бойынша қандай жұмыстар атқарылу керек? Құрметпен, Алмаз Жиенбеков
Ответ:
Сіздің өтінішті қарастырып, келесі хабарланады.

1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімі 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ Есеп комитеті нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) көзделген. Аталған Стандартта нәтижелерді танудың мерзімі және тәртібі реттелген. Осы Стандарты НҚА ашық базасында орналастырылған.

2. Қолданыстағы 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ Есеп комитеті нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) және Стандартқа сәйкес, тексеру комиссиясы да және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган да мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімдерін жүргізуге бастамашылық жасауға, оның ішінде алдын-ала зерделеу және аудитті жүргізу кезінде де құқылы. Мәселен, тексеру комиссиясы Қағидалардың 48-тармағына сай Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 8, 19-баптарына сәйкес жүзеге асырады. Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы Қағидалардың 88-тармағына сай Заңның 8, 19-баптарына сәйкес, мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімдерін жүргізуге бастамашылық жасау мемлекеттік аудиторының тікелей міндеті болып көзделген (Егер мемлекеттік аудит объектісінде басқа мемлекеттік аудит органының мақсаты, аудиторлық іс-шарамен қамтылатын кезеңі бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шарасымен сәйкес келетін мемлекеттік аудит жүргізу фактісі анықталса).

3. Мемлекеттік аудит органдарының барлық бастамалары бойынша,  оның ішінде уақыт және енбек ресурстарын ескеріп, тану рәсімімен қамтуды қамтамасыз ету мәселесі жөнінде казіргі уақытта Есеп комитетінде Стандартқа тиісті түзетулердің жобасы қаралып жатыр.

4. Тану рәсімі бойынша қолданыстағы заңнама қабылданған қорытынды, нұсқаманың күшін жою түріндегі, сондай-ақ олар бойынша ескертпелері жоқ анықталған бұзушылықтары бойынша құқықтық салдарларды қамтымайды. Сонымен қатар Стандарттың 5-тармағына сәйкес жүргізілген тану аудиттің және оның нәтижелерінің заңдылығын дәлелдеу болып табылмайды. Заңның 19-бабы 6-тармағына сәйкес, нәтижелерін тану рәсімі, басқа мемлекеттік аудит органы үшін мемлекеттік аудит көлемін қысқартуға әкеп соғады.


19.07.2017 Гаухар
Вопрос: Добрый день, в Правилах проведения аудита специального назначения субъектов квазигосудартсвенного сектора не утверждена форма подачи уведомления о начале аудита. Можно ли отправлять в произвольной форме уведомление?
Ответ: Уважаемая Гаухар!
 
 
Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета (далее-Счетный комитет),рассмотрев Ваше обращение от 19.07.2017 года, сообщает следующее.
Нормативным постановлением Счетного комитета от 30 ноября 2015 года № 21-НҚ утверждены Правила проведения аудита специального назначения субъектов квазигосударственного сектора и представления аудиторского заключения по аудиту специального назначения субъектов квазигосударственного сектора, в которых не предусмотрена форма Уведомления о начале проведения аудита.
В этой связи, возможно составление Уведомленияо начале проведения аудита в произвольной форме.


14.06.2017 Абылхан Аширалиев 87475124854
Вопрос: Есеп комитетінің төрағасы Әбдібеков Нұрмұхамбетке Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2014 жылы ауылымызды (Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауыл округіне қарасты Қаржан, Қосағаш, Алтынтөбе, Орталық, 1-Мамыр, Аққұм елдімекендері) газдандыру мақсатында газ тасмалданатын құбырлар жүрігізілгенде жергілікті тұрғындардың барлығы мәре-сәре болып қуанды. Тартылған газ құбырлары көшелерге сән беріп, ауылмызды көркейте түскендей болған.Дегенмен, арада өткен 4 жылдың ішінде газ жолдарына арналған құбырлар өз жұмысына кіріспей жатып ескіріп, тозуға айналды.Газ болмағандықтан тартылған құбырлар иесі жоқтың күнін кешіп кейбір жерлері көктем және күз мезгіліндегі жауын-шашындардың әсерінен құлады.Сонымен қатар, тартылған құбырларда газ болғандықтан оның бұзылуына адамдық факторлардың әсері тиіп жатқандығы жасарын емес. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ ауыл округінде газдандыру жұмыстары аяқталып, тұрғандарға пайдалануға беру салтантында аудан әкімі Т.Телқараев жыл соңына дейін Қазығұрттағы тағы 16 елдімекен газбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Нақты айтқанда, аудандағы Жігерген ауыл округінен төрт елдімекен, Сабыр Рақымов ауыл округіндегі үш елдімекен, Алтынтөбе және Тұрбат ауыл әкімдіктеріне қарасты сегіз ауылды көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін аталған елдімекендер газға қосылғанда, аудандағы көгілдір отынмен қамту жұмыстарының көрсеткіші 65 пайызға жететін болады -деген еді.Дегенмен, Алтынтөбе ауыл әкімшілігіне тартылған газ құрбырларының негізігі жолдары елдімекендерге жеткілікті қысымды жеткізе алмайтын етіп жасалған, оны ауыстыру жұмыстарынан кейін ғана газ беріледі –деді. Бұл жұмыстар 2016 жылдың аяғымен 2017 жылдың басында атқарылды.Бірақ, негісіз себептерге байланысты газ берілмей отыр.Жуырда аудандағы осы салаға жауапты мамандар ауыл әкімшілігінде газдандыру бойынша жиналыс өткізіп, осы жылдың қараша айына дейін газ беріледі, бірақ бұл ісшара көршілес «20 жылдық» ауылында газ құбырларына сығымдау бойынша жүріп жатқан жұмыстар аяқталған жағдай да ғана жүзеге асатын болады – деп сөздерін түйіндеген.Кейбір деректер бойынша, есеп беру құжаттарында Алтынтөбе ауыл әкімшілігіне қарасты елдімекендер толығымен газдандырылып қойылған- дегенде алып қашпа мәліметтер бар. Құрметті Нұрмұхамбет Қанапияұлы ! Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты елдімекендерің тұрғындары Сізден осы мәселені жан-жақты қарастырып, 2017 жылы ауылымызға газ берілу жұмыстарын өз қадағалауыңызға алып, ықпал жасауыңызды және бұл жұмыстың орындалуын жергілікті билік орындарына жібермеуіңізді сұранады. Құрметпен ауыл тұрғындарынан атынан: Кыстаубаева Анар (жеке күәлік нөмірі 025102930) Кенжетаев Мырзаш (жеке күәлік нөмірі 037159721) Дуйсенов Бердалы (жеке күәлік нөмірі 033320691) Бегазов Салдарбек Камбарович (жеке күәлік нөмірі 038570725) Жайлаубаев Боранбай Досалиевич (жеке күәлік нөмірі 025102412) Серкебаев Капбар (жеке күәлік нөмірі 017899059) Есеналиев Айдарбек Жумабаевич (жеке күәлік нөмірі 014139058) Аширалиев Абилхан Калбырович (жеке күәлік нөмірі 038574193)
Ответ: Құрметті Абылхан Аширалиев!
 
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан, Қосағаш, Алтынтөбе, Орталық, 1-Мамыр, Аққұм елді мекендерінде газ берілу жұмыстарын қадағалау және оған ықпал ету жөніндегі өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 10, 12-баптарына сәйкес Есеп комитеті республикалық бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
Бұл ретте, өтініште баяндалған мәселелерді қарау Есеп комитетінің құзыретіне кірмейді.

Сонымен қатар, өтініште баяндалған мәселелер бойынша газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбырдың мемлекеттік саясатын бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органға жүгіне аласыз.


06.06.2017 Мейрамбек
Вопрос: Сәлеметсіздер ме? Сіздерде бар бос вакансиялық орындардың конкурсына қатысу үшін мәліметтер мен жарияланған конкурстар туралы ақпараттарды қайдан алуға болады?
Ответ:
Есеп комитеті Сіздің сауалыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Есеп комитеті конкурс өткізу кезінде бос орындар туралы ақпаратты www.esep.kz ресми веб сайтында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz ресми веб сайтында орналастырады.
Сонымен қатар, конкурс өткізу кезінде жарияланған барлық ақпаратты Есеп комитетінің www.esep.kz ресми веб сайтының «кадрлық қамтамасыз ету» - «бос орындар» бөлігінде қарауға болады.


В начало | Назад Страница: 1/48 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Вперёд | В конец

*Сколько будет: 4 + 4 = ? - защита от спама
* - все поля обязательны для заполнения
 

Послание Президента
Послание Президента Республики
Казахстан народу Казахстана

Блог Председателя
Абдибеков Нурмухамбет Канапиевич
Председатель Счетного комитета
 

8 (7172) 70 69 86 - Пресс-секретарь

8 (7172) 70 70 62 - Канцелярия

8 (7172) 70 70 21 - Телефон доверия

   Рассылка новостей